Қазақстанда некені бұзу рәсіміне салынатын баж салығының мөлшері артуы мүмкін

0
Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz  egemen.kz сілтеме жасап.

Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін көбейту ұсынылған.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл өзгеріс азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, салмақты түрде қабылдауға итермелейді.

Жоғары баж салықтарын енгізу – сәттік сезімдермен ажырасуға шешім қабылдайтын азаматтар үшін тежеу факторы болады. Бұл әсіресе жастар арасында орынсыз ажырасулардың азаюына ықпал етуі мүмкін, – деді Бейсенғалиев.

Депутаттың сөзінше, бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.